Есірткінің ірі партиясын сақтаған азаматты ұстады

207

0

Қызылордалық жедел уәкілдер есірткінің ірі партиясын сақтаған азаматты ұстады.


Жедел ақпарат бойынша “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ҚР Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп, ірі мөлшерде есірткі сақтаған Қызылорда қаласының түрғынын ұстады.

Қылмысқа күдіктелген азаматтың тұрғылықты мекенжайынан екі үлкен қапқа салынған есірткі заттары, сондай-ақ полиэтилен пакеттер мен есірті салынған 19 литрлік пластик ыдыстар тәркіленді. Айғақ заттар жеке тұрғын үйдің ауласындаға иттің күркесінен, сондай-ақ үй бөлмелері мен шатырынан табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 6,7 келіден астам ірі мөлшердегі кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<