Кеше егін жинау науқанының аяқталуына орай «Алтын дән-2023» мерекесі аясында облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін базар нарығынан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынды. Ауылдардан 425 жүк көлігімен 1000 тоннадан астам өнім әкелінді.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_18_1697951367446-1024x682.webp)
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен бірге жәрмеңкелерді аралап, халықпен пікірлесті.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_12_1697951251643-1024x839.webp)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_10_1697951235450-1024x891.webp)
Сыр диқандары 286 млн. теңгенің 1020,6 тонна өнімін ұсынуда.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_19_1697951374183-1024x682.webp)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_15_1697951327474-1024x682.webp)
Саудаға 140 тоннадан астам күріш, 25 тонна ет, 30 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 80 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 90 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 200 тонна бақша өнімдері, 115 тонна асқабақ, 6 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері, 140 бас тоқты, 50 тоннадан астам жем-шөп қойылған.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_9_1697951151454-1024x682.webp)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_16_1697951340014-1024x682.webp)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_14_1697951317865-1024x682.webp)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_13_1697951261398-1024x947.webp)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_11_1697951243603-1024x682.webp)
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/10/img_8_1697951131888-1024x770.webp)
Алдағы уақытта «Алтын дән» мерекесі барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жалғасын тауып, ауыл шаруашылығы үздіктері марапатталатын болады..
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<