Республика күнін кең көлемде аталып өтпек

257

0

Бұл туралы аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Байдушев БАҚ өкілдерімен өткізілген брифинг барысында баяндады.

– 25 қазан ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеу аудан бойынша кең көлемде атап өтілмек. Аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес, оқиғалар қатары қалыптастырылып, түрлі форматтағы 22 іс-шара енгізілді. Іс-шаралар аясында аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Қайырымды ұлт» қайырымдылық акциясы мен жастар арасында «Жайдарман» сайысы, аудандық спорт клубының ұйымдастырумен мекемелер арасында футболдан аудандық турнир, қазақ күресінен жастар арасында «Сырдария барысы» аудандық турнирі, «Менің туым!» атты жастар арасында челлендж ұйымдастырылады, – деді Димаш Серікбайұлы.

Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, марапаттау өткізіледі. Өткізілген іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

«Таза табиғат» көшет отырғызу акциясы ұйымдастырылып, мереке аясында халық көп шоғырланатын орындарда және орталық көшелерде тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарында салтанатты жиын мен түрлі тақырыптар бойынша (шығармашылық, танымдық, спорттық, эссе т.б) апталықтар, ұйымдасыру жоспарланды.
Үлкен сауда орындарында, атап айтар болсақ «Серікбол» сауда үйінде ұлттық әндер мен қазақ күйлері орындалып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады.

Кент және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының ұйымдастырумен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<