Мемлекеттік марапат

741

0

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, Астана қаласы.

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шүкежанова Алма Сайдахметқызы – «№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Семей қаласы.

3.     Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – «Таң ЛТД» ЖШС директоры, Қызылорда облысы.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                        Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда,

2023 жылғы 23 қазан

№ 390

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қазандағы Жарлығына сәйкес елордада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен салтанатты жиында жерлесіміз Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы «Парасат» орденімен наградталды.

Ақмарал Шәріпбайқызы – медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі.

«Шапағат» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.

***

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан Тынымбайұлының қатысуымен өткен салтанатты жиында мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық құрылтай мүшесі Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы «Парасат» орденімен наградталды.

Қылышбай Алдабергенұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қазандағы № 377 Жарлығына сәйкес:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін:

«ПАРАСАТ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

БАЙМАХАНОВ Қожахмет Мәдібайұлы – Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

БАЙҚАДАМОВ Наурызбай Сейтқалиұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері.

ҚҰЛБАЕВ Алданберген – «Қызылдихан» шаруа қожалығының төрағасы, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.

ӘУБӘКІРОВ Асқар Әкімбайұлы – «Кристалл Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің төрағасы, меценат, «Құрмет» орденінің иегері.

ҚАРСЫБЕКОВ Оразхан Қайыржанұлы – «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқаушы кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері.

ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ Қазыбай – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Мәскеудегі Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері әрі үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

АЛИЕВ Садық – Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ҚАЙРОЛЛАҰЛЫ Қорғанбек – еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы.

РАХИМОВ Тастемір Сауранбайұлы – құқық қорғау саласының ардагері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

СҮЛЕЙМЕНОВ Кенжеғара – Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, Жалағаш аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

ҚЫСТАУБАЕВА Азия – Жаңақорған аудандық «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.

ОРАЗМАХАНҰЛЫ Шынжырбай – Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы көпбейінді облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер-нейрохирург, Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

ОҢҒАРБАЕВ Аманжол Сақыпұлы – «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты.

Қазақстан Республикасы журналистер одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ИБРАЕВ Рашид Өткелбайұлы – «Бастау-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

САТАНОВ Мирамбек Амантайұлы – «Най-Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

БАЙМАНОВ Шахмардан Асқарұлы – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ШАЛҚЫБАЕВ Қанат Әйтішұлы – «Шалкибаев Қ.А.» жеке қыш шығару зауытының басшысы.

МАУБАЙ Жайықбек Жетесұлы – «Қыран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

БАҚЫТБЕКҰЛЫ Нұркен – «Ер-Ару-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

МОЛЖАНОВА Алтынай Бекмағанбетқызы – Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының «Анаға тағзым» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

ИБРАЕВ Нұрболат Балтабайұлы – «Орда – Автодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

ҚАРАМҰРЗАЕВ Сәбит Қылышбайұлы – «Шыңғыс құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

АЙЫМБЕТОВ Әділбек – Арал ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ЫДЫРЫСОВ Серхожа – еңбек ардагері, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ЕРНАЗАРОВ Қайрат Шаршыбекұлы – «Бақ-Береке 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

ДӘРІБАЕВА Гүлсім Әбілқасымқызы – «Ақмая» шаруа қожалығының күріш бригадирі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен НАГРАДТАЛАДЫ:

МӘУИЯҰЛЫ Рахим – еңбек ардагері, Шиелі ауданының құрметті азаматы.

ҚҰЛДҮЙСЕНОВ Әбдірахман – еңбек ардагері, Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.

БАЯЛИМОВ Дәулетияр Айтмағанбетұлы – су шаруашылығы саласының ардагері.

ОРАҚБАЕВ Жәдігер – еңбек ардагері.

ҚАЛТАЕВ Ануарбек – ауыл шаруашылығы саласының ардагері.

ИСМАИЛ Өркен Әзімханұлы – Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ТАНРАХБАЕВ Жүзбай Ибрагимұлы – «Кәсіпкер келбеті» газетінің бас редакторы, ардагер журналист.

БӨРІҚҰЛАҚОВ Талайлы Әмитжанұлы – еңбек ардагері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы.

ЫДЫРЫСОВ Серік Махмудұлы – айтыскер ақын, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

СӘРМЕНБАЕВ Берік Әбдіғаппарұлы – Сырдария ауданының әкімі.

ЖҰМБЕК Тасқын Егембергенұлы – «Нұрасыл» шаруа қожалығының төрағасы.

ЖАЛҒАСБАЕВ Жомарт Жақсылықұлы – «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

ШАЛҒЫМБАЕВ Мырзабай Шалманұлы – «Ахат+ГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

АХАТОВ Нұржан Сәбитұлы – Шиелі ауданының әкімі.

САРАБЕКОВ Әділбек Сербайұлы – «Қазалы Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы.

БЕРДІБАЕВ Ерлан Құлахметұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы.

ЫСҚАҚОВА Лиза Ноғайқызы – Қызылорда облысының білім басқармасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

МҮБАРАКОВ Қамбарбек Амангелдіұлы – Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы.

ҰЛЫҚПАН Сәбит Ұлықпанұлы – композитор, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанындағы «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жетекшісі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

ЕСЖАНОВ Асқарбек Темірбекұлы – Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы.

БӘКІРОВ Ерлан Әмірханұлы – Қызылорда облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары.

ИСКАКОВ Марлен Қалилаұлы – «Премиум Класс-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

БЕРДЕНОВА Жанар Серікқызы – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары.

БАЙМАҒАНБЕТОВ Дүйсенәлі Бекенұлы – Қызылорда Автобус паркінің слесарі.

УРМЕТ Қазихан Шәдімаханұлы – «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі.

АЙМЕНОВ Мұрат Ахметбекұлы – «Aray Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

«ШАПАҒАТ» МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

ҚҰРАМЫСОВА Жанат Ашанқызы – облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

ҚҰРАҚБАЕВА Кенжегүл Құрақбайқызы – Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

МАНСҰР Нұрмат Абдуллаұлы – Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры, айтыскер ақын, Сырдария ауданының Құрметті азаматы.

УӘЛИЕВ Айбек Болатбекұлы – «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ– ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЫ ТОҚАЕВТЫҢ ШЕШІМІМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ «БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ:

БӨРІБАЕВА Майнұр Әбілтайқызы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ:

ТЁ Юрий Алексеевич – «Механизатор-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.

МЯСЦОВА Елена Анатольевна – Әбділда Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ:

ЮН Виктория Викторовна – облыстық онкология орталығының химия-терапевт дәрігері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<