Жауын-шашын, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

279

0

Фото: Кazinform

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Кazinform. 

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметі бойынша, республика аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, шығыста қалың қар, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болып, жаңбыр жауады.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<