Газ тапшылығына байланысты жұмысшы топ құрылды

364

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен газ тапшылығы мәселесіне байланысты жедел штаб отырысы өтті.Штаб отырысының негізгі мақсаты – ауданда газ тапшылығын болдырмау бағытында жедел әрекет ету және тұрғындар үшін арзандатылған газ бағасының көтеріліп кетуіне жол бермеу.

Жиын барысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов қазіргі таңда аудандағы жалпы сұйытылған газдың қоры жайында және газ тапшылығының алдын алу бойынша бөлім тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

Мұнан соң аудан басшысы халық қажеттілігіне арналып, төмен бағамен босатылатын газды аудандағы газ таратушы операторлар бағасын өсіріп және сыртқа шығаруға жол бермеу керектігін айтты. Сондай-ақ ауданда газ тапшылығының алдын алу бойынша құрылған арнайы жұмысшы топ, күн сайын газ құю бекеттерінде бақылау, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігін тапсырды.

Жиын соңында Мұхтар Әуесұлы ауданда газ тапшылығы мәселесінің орын алмауы бойынша бірлесе жұмыс жасап, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<