Қызылордада Pecha Kucha Kyzylorda шарасы өтті

496

0

 «AI TRENDS» тақырыбына бағытталған Pecha Kucha форматындағы жиынның негізгі мақсаты  − жастарға жаңа технология мүмкіндіктерін, IT бағыттағы жаңалықтар  мен тың идеяларды ерекше форматта таныстыру.

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен  өткен шараның ұйымдастырушылары − облыс әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы.

«Pecha Kucha Kyzylorda» – әлемнің 1000-нан астам қаласын біріктіретін PechaKucha интеллектуалдық кешінің халықаралық қозғалысының бір бөлігі. Pecha Kucha cөзі жапон тілінен енген, «әңгімелесу» деген мағынаны білдіреді. Бұл − презентациялар мен баяндамаларды ұсынудың ерекше форматы.

«Pecha Kucha Kyzylorda» шарасының барысында ІТ мамандар – Айболат Құлатай «IT саласының трендтері», Айдос Жетпісбай «Қаржы жүйесіндегі жасанды интеллект», Бибол Жакипбаев «Data Driven: деректерге негізделген шешімдерді қалай қабылдауға болады?», Әбді Мақсат «Digital video engineering құпиялары», Есенов Мақсат «Data Driven: деректерге негізделген шешімдерді қалай қабылдауға болады?», Мұрат Туремуратов «Цифрлық із», Абай Тағыберген  «Медиагигиена», Оралбек Абдуллаев «AI тәтті өнімдері»  тақырыптарын қозғады. Спикерлер 20Х20 форматы негізінде әр түрлі бағыттағы тақырыптарда ой бөлісіп, қатысушылар кәсіби мамандармен пікір алмасты.

Pecha Kucha  форматындағы интеллектуалды семинарлар кеші өңірде 2019 жылдан бастап тұрақты түрде өткізілуде. Осы уақыт аралығында ерекше форматтағы басқосу 250-ден астам жастың күрделі технологияларды қарапайым түсінуіне, жастардың идеясын іске асыруына себепкер болды.  

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<