«Зымыран» республикалық оқу-жаттығу жұмыстарының барысы талқыланды

518

0

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы мен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындық барысы мен өткізу шараларының тыңдалымына қатысты.

Төтенше оқиға кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйелері басқару органдарының күштері мен құралдарының әзірлігін пысықтау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстары барысында АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйелерінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындық дәрежесі бақыланады, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару жөніндегі іс-әрекеттері мен өзара іс-қимылдарының үйлесімділігі жетілдіріледі. Құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігі, жедел кезекшілік ұйымдастыру, диспетчерлік қызметтердің жұмысы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резерв қоры тексеріледі, төтенше жағдайды алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері жедел штабтарының жұмыстарын ұйымдастыру көзделген.

Аталмыш оқу-жаттығу іс-шарасының теориялық бөлігі Жосалы кентінде ұйымдастырылса, практикалық іс-қимыл Диірментөбе елді мекенінде өткізілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<