Жалағаш ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

483

0

🔹Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың ауылдарға жұмыс сапары Мәдениет, Мырзабай ахун және Таң ауылдық округтерінде жалғасын тауып, ауыл халқының талап-тілегі тыңдалды.

🔹Аудандағы тіректі ауылдардың бірі Мәдениет елді мекенінде егін науқаны сәтті аяқталды. Ырысы тасыған берекелі мекеннің еңбеккер қауымына аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы өзімен бірге Сыр жұртының мақтанышы, «Қазақстанның Еңбек Ері», Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденінің иегері Имамзада Шағыртаевтың елге жасаған ерлігінің үлгі екенін айтты.

🔹Мәдениет ауылының мырза жұрты Еңбек еріне шапан жауып, ат мінгізді. Ердің мерейін үстем еткен кездесуден соң аудан әкімі ауылдық округтегі дәрігерлік емхананың жұмысымен танысты.

🔹Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы Мырзабай ахун ауылында жаңадан салынып жатқан дәрігерлік емханасына барды. Ауыл халқы үшін Ұлттық жоба аясында қолға алынған жобаның игілігін көретін күн алыс емес.

🔹Жақсы бастамалар Таң ауылдық округінде де жалғасын тапқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өткізілген облыстық “Үлгілі елді мекен” конкурсында Таң ауылдық округі “Үздік ауыл” номинациясы бойынша ІІ орынды иелендi. Сонымен қатар, жаңа жер қазатын трактор және тіркемесі табысталды.

🔹Аудан әкімінің халықпен кездесулерінде аудан әкімі Ардақ Ибраимов тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша арнайы хаттамалық тапсырмалар әзірленіп, тапсырмалардың орындалу барысы тікелей өзінің қадағалауында болатындығын жеткізді.

🔹Тұрғындармен кездесу 3 қараша күні Қаракеткен, М. Шәменов, Ақсу және Жалағаш кентінде жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<