Астанада өңірлік жәрмеңкелер өтпейді

423

0

Астанада өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды, деп хабарлайды Kazinform әкімдікке сілтеме жасап. 

Алдағы демалыс күндері, 4 және 5 қарашада жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады.

Екі облыстың аграршылары ауа райының нашарлауына байланысты елордаға келмейді.

Айта кетейік, биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталды.

Оған 15 өңірден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Олар Астанаға 10 мың тоннадан астам өнім жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<