Аралдықтар әлем чемпиондарын құрмет-қошеметпен қарсы алды

455

0

Бүгін үстіміздегі жылдың 26-31 қазан күндері аралығында Грузия мемлекетінің астанасы Тбилиси қаласында өткен ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы дүбірлі додада 6 аралдық жас спортшылар жеңіс тұғырынан көрініп, Әлем чемпиондары атанды.

Спорт саңлақтарын аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов пен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Б. Махатов және ауданның белсенді жастары құрмет-қошемет көрсетіп қалаға кіре беріс қақпадан сән-салтанатымен қарсы алды.

Аудан әкімінің орынбасары байрақты бәсекеде елдің, аймақтың намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Чемпиондарды қарсы алуға жиналған көпшілік аудан мерейін өсірген жастарымызға орталық алаңда айрықша құрмет көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<