Қазақстанда бір күнге радио мен теледидар өшеді

560

0

Фото: freepik.com

Қазақстанда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бір тәулікке радио мен теледидар өшеді, деп хабарлайды Kazinform «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.

Қазтелерадио хабар таратудың тоқтатылатынын ескертті. Алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты 8 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тарату өшіріледі.

«Телерадио хабарларын үздіксіз және сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі», – деп түсіндірді ұлттық оператор.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<