Тазалық табалдырықтан басталады

495

0

Облыс аумағында өткен кезекті сенбілікте  елді мекендер тазартылып, ағаш отырғызылды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, ардагерлер «Отбасы орталығы» алдына тал екті. Орталықтан некесін қидырып шыққан жас жұбайларға Абзал Ералиев ақ батасын берді.

Айта кетейік, көркейту, тазалық шаралары  2 ай бойы жүргізілді. Қала, аудан әкімдіктері, басқармалар, департаменттер мен инспекциялар белгіленген аймақтарда  жұмыс атқарды.

Сенбілікте  бекітілген орындарға 400  түп көшет (сыр талы, қарағаш, терек) егілді.

Еске салсақ, күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары 2 қыркүйек пен 4 қараша аралығына жоспарланған болатын. Осы мерзім ішінде елді мекендер аумағындағы  тұрмыстық қалдықтар шығарылды, ағаш егілді, айнала абаттандырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<