5-сынып оқушысы жоғалып кетті

668

0

 әлеуметтік желіден алынды

Алматыда оқушы қыз жоғалып кетті. Оны еріктілер, полиция мен аудан тұрғындары кешелі бері іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде пайда болған мәліметке қарағанда, 2012 жылы туған Ханшайым Аралбай 9 қарашада № 148 мектептен шығып, үйіне оралмаған. Жоғалып кеткен оқушы қыздың фотосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

«Мектебімізде 5 «Ә» сынып оқушысы жоғалып кетті, сабақтан кейін үйіне оралмаған. Көрген білгендеріңіз болса хабарын берсеңіздер»,- делінген ақпаратта.

Сыртқы белгілері: 12 жаста, бойы орташа, шашы – қара. Киімі: ашық түсті күрте, көк түсті мектеп формасы. Өзімен бірге ақ түсті қолшатыр алған.

«Егер  оқушы қыздың орналасқан жерін білген адам болса, 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<