Белсенді жастар марапатталды

787

0

Сурет: «АMANAT» партиясы

«Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы 17-қараша Халықаралық студенттер күніне орай белсенділерді «АMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Кәрібек Дәулет Жамаубайұлының арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.

Мерекелік шараға «АMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат Исақызы мен Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс» бөлімінің басшысы Мықбасов Нұркен Ғабитұлы қатысып, студент жастардың мерейлі мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, қоғамдық шараларда белсенділік танытқан білім алушыларға «АMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызының алғыс хаттарын табыстады.

Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде сақталатын студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Тағыда мереке құтты болсын! – деді «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза.

Айта кетейік, оқу жылының басында «Жастар Рухы» Жастар қанаты бөлімшелерінің жұмыстарын жандандыру және волонтерлар қатарын толықтыру мақсатында қаламыздағы 3 жоғары оқу орны және 14 колледжде кездесу жиындары өтіп, бөлімше жетекшілері сайланды. Қазіргі таңда рухтастар саны 1200-ден асып, білім қабырғасында әртүрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<