Облысқа 386,4 млрд теңге инвестиция тартылған

752

0

Сурет : Өңірлік коммуникациялар қызметі

Инвестиция тарту игілікті арттырады. Биылдың өзінде облысқа 386,4 млрд теңге инцестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 95,5 млрд теңгеге, яғни 27,7 % – ға артқанын көрсетеді.

Инвестиция тарту жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Каюпов мәлімдеді.

«Биыл облысқа 424,2 млрд инвестиция тарту индикаторы бекітілді. Инвесторлар және демеушілер есебінен жүзеге асырылатын жобалармен 45 млрд теңгедей қосымша резервтер анықтады. Сондықтан, облыс ішінде индикаторды 10 пайыздық өсіммен орындап, алдағы уақытта 472 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда,» – деді Азамат Биғалиұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<