Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

270

0

Фото: Рexels.com

17 қараша күні Қазақстан аумағының барлық дерлік бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<