Азаматқа адалдық жарасады

532

0

Мемлекеттік қызметкер мемлекет мүддесін өзінен биік қойып, қол мен сана тазалығын сақтауға міндетті. Бұл бағытта өңірде көпке өнеге ететін жағдай бар. Жалпы, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудан, қала әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың қызметкерлерімен үнемі кездесу өткізіліп тұрады.

Осы жылдың 10 айында 16 облыстық басқармада және аудан, қала әкімдіктеріне 15 рет жұмыс сапары ұйымдастырылып, онда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары және Әдеп кодексі нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнамалар жүргізіліп, оған 330-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты.

Осындай бір кездесудің барысында Шиелі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкері Оспанов Елжанмен таныстым.

Онымен сұхбаттасуда белгілі болғандай, 2022 жылдың қазан айында Е.Оспановтың «Kaspi gold» жеке есеп шотына белгісіз азаматтан 300 мың теңге түскен. Өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтын азамат мұндай жағдайда қандай шара қолдануға тиісті екенін жақсы білген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттiк қызметшінің шотына осы адам білмей келiп түскен ақша, ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.

Осы талапқа сай Е.Оспанов мемлекет қызметіне адал ретінде, түскен қаражатты бюджетке аударған. Сөйтіп ол барлық мемлекеттік қызметкерге үлгі болды.

М.ШӘКІРБАЕВ,

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<