Арнайы техникалардың қыс мезгіліне дайындығын тексерді

459

0

Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қала әкімі Асылбек Шаменов «Қызылорда тазалығы» мекемесінің техникалық базасын аралап, арнайы техникалардың қысқа дайындығын пысықтады.

Бүгінде мекемеде қысқы маусымдағы ауқымды жұмыстарға жұмылдырылатын 49 арнайы техника дайын тұр. Сонымен қатар, мекеме базасына 2800 тонна құм-тұз аралас қоспа жинақталған.

Қардан тазарту жұмыстары 2 ауысым бойынша жүзеге асырылады және оған 213 жұмыс күші жұмылдырылады.

Шаһар басшысы серіктестік директорына тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және қыс мезгіліне 100 пайыз дайын болуды міндеттеді.

Ең басты талап – қар жауған сәттерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шалғай орналасқан елдімекендерде де әлеуметтік нысандарға барар жолдардың қардан дер кезінде тазаланып отыруын жүктеді.

Бұдан бөлек, Асылбек Өмірбекұлы барлық коммуналдық мекеме басшыларымен кездесіп, қысқы маусымда коммуналдық қызметтің іркіліссіз жұмыс жасауын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<