«Қауіпсіз қала» акциясы өтуде

515

0

Фото: «AMANAT» партиясы

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика көлемінде Төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Қауіпсіз қала» акциясын өткізуде.

Ұйымдастырушылар ашық кәріз құдықтарына, жаяу жүргінші жолақтарынына, балалар ойын алаңдарының қауіпсіздіктеріне мониторинг жасауда.

Мониторингтер жүргізу арқылы ақпарат жинап, тиісті орындарға тапсыру, сондай-ақ, балалар мен ересектер арасында жазатайым оқиғалардың орын алуын төмендету мақсаттында ұйымдастырылған іс-шараға Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі М.Бисенова, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Ә.Тәжібаев және «Жастар Рухы» Жастар қанаты белсенділері қатысты.

«Жас жеткіншектердің түрлі төтенше жағдайға тап болып, өмірлеріне қауіп тудырып жатқан жайттар қоғамда белең алуда. «Қауіпсіз қала» акциясы – бұл ең алдымен балалардың қатерсіз өсіп, жетілуін көздейді. Арнайы орындарда, ашық қалған кәріз құдықтары мен жаяу жүргінші жолақтарында апаттардың алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. «Сақтықта – қорлық жоқ».- деп бекер айтылмаған. Бұл мәселеге «Жастар рухы» аса жауапкершілікпен қарап, басты назарда ұстауда және жыл соңына дейін жалғасатын болады», – дейді «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<