А.Ибраимов: Халық сұранысына сәйкес мәселелерге бей-жай қарамау қажет

398

0

Сурет Жалағаш ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында айтылған тапсырмалардың жүйелі орындалу барысы талқыланды.

Бұл ретте, аудан әкімі Ардақ Ибраимов жауапты сала басшыларымен бірге, кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың сұранысына сәйкес аудан бойынша төтенше жағдайларды болдырмау, коммуналдық қызмет және мемлекеттік мекемелерде құрылыс сапасы бойынша мәселе болмау қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта болуы ықтимал қолайсыз ауа райы салдарынан апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдары мен басқа да мемлекеттік мекемелердің құрылыс жағдайларына сараптама жасап, нәтижесін ұсынуды тапсырды.

Қыс мезгілінде халыққа коммуналдық қызмет көрсету жақсы болу үшін қазірден дайындық жұмыстарын сапалы жасап, көгілдір отын, ауыз су, электр энергиясы және байланыс қызметінде мәселелер болмау қажеттігін жеткізді.

Кент және ауылдық округ әкімдеріне тиісінше жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төрт түлікті қараусыз қалдырмай, пада ұйымдастыру, мал ұрлығы және өзге де қылмыстарды болдырмау, тұрғындардың сауалдарына байланысты уақытында шұғыл шаралар қабылдап отыруды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<