Ерлік аңсаған жас ұрпақтың қайсар қаһарманы

863

0

Фото: қалалық білім бөлімі

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай №176 орта мектебінде «Ерлік аңсаған ұрпақтың қайсар қаһарманы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар барысында аңыз адам Қасым батырға арналған ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, кіріктірілген сабақтар, дебат жұмыстары көрсетілді. Семинарға қала мектептерінің тарих пән мұғалімдері мен Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Нұржан Әсілханұлы қатысты. Семинар мектептің жас домбырашыларының күй шашуымен ашылып, тарихи көрмеге жалғасты.

Қазақ батыры, Халық Қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов туралы тереңірек таныстыру мақсатында А.Жиенбаева мен И.Алтаева ашық сабақтар өткізді. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту мақсатында Н.Құлжанова, С.Тулепова сыныптан тыс жұмыстар көрсетті. «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалыстары», «Балалар және театр» ұлттық жобаларын іске асыруда Г.Қараман, Г.Абдукадирова, Ә.Бекжанова мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырды.

Өткізілген барлық іс-шаралар талданып қорытындыланды. Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жасалды. Қатысқан қонақтар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Семинар жоғары деңгейде өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<