Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілді

428

0

Фото: pexels.com

Ақтау тұрғындары бүгін таңертең жер сілкінісін сезген. Қаланың төменгі шағын аудандарында тұратындар дүмпуді жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 9:20-да анық байқаған, деп хабарлайды Kazinform.

«СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық стансасында 7 желтоқсан күні Алматыдан 2289 км жерде, яғни Әзербайжан аумағындағы Каспий теңізінде жер сілкінісі болғаны тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 5.7. Эпицентр координаты – 41,09° с. е. 49,71° ш. б. Тереңдігі – 35 км. МSК-64 шкаласы бойынша Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілген», – делінген хабарламада.

Жергілікті телеграм каналдардың бірінде тұрғындар жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. 

«Жер сілкінді ма?» – деп жазды ақтаулықтардың бірі. 

Оған жауап берген қаланың 4, 6, 12 және 17 шағын аудан тұрғындары жер сілкінісін сезінгендерін айтты.

«Иә, жер сілкінгенін байқадық. Үйдегі заттар қозғалды». «Кәдімгідей сезілді». «Иә, сілкінді», – деп жазды олар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<