Жыр терме үйірмесі ашылды

616

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Бүгін Арал аудандық мәдениет орталығында жерлесіміз, белгілі жыршы Рысбек Әшімов атындағы жыр-терме үйірмесінің ашылуы өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов қатысып:

– Бүгін өздеріңізбен бірге дарабоз жыршы «Рысбек Әшімов» атындағы жыр – терме үйірмесінің ашылуына куә боп отырмыз. Дәстүрлі орындаушылық өнерде өзіндік үнін қалыптастырып, тыңдаушысын тәнті еткен сұңғыла жыршы Рысбек Әшімов ұлттық өнердің өркен жаюына зор үлес қосты. Осындай белгілі тұлғалар есімін ұлықтап, рухани мұрамызды молайту жолындағы игі істеріңіз сәтімен болғай, – деп, ізгі лебізін арнады.

Шарада жыршының жары Ләззат Оспанова мен шәкірті Серікқали Жұбаниязов ақжарма тілегін білдірді.

Сондай-ақ, салтанатты басқосуда Кете – Төлеби Досымжанұлы аудан әкімінің атынан арнайы сый-сыяпатты табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<