Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ісі қаралды

492

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде 7 мәселе қаралып, ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, құқықтық мүдделерін қорғау, сабақтан тыс бос уақытында ақысыз үйірмелерге қатыстыру және әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасамау жөнінде профилактикалық шараларды қабылдау сынды мәселелер талқыланды.

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<