Эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

519

0

Фото: Қорқыт ата университеті

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «AMANAT» партиясы «Тұран» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты эссе байқауы өтті.

Байқау жеңімпаздарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, «Тұран» бастауыш партиясының төрағасы Бейбіткүл Кәрімова марапаттады.

Жиында оқу орнының басшысы «Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы» екенін атап өтті.

Шығармашылық сайысқа ЖОО-ның 1-2 курс студенттері қатысты. Білім алушылар ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен осы кезге дейінгі жетістіктер туралы ойларын қағаз бетіне түсірді.

Байқау нәтижесінде І орынды Гүлжан Мустафаева, ІІ орынды Ақсезім Алтынбекова, ІІІ орынды Толғанай Сұлтанова иеленді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<