Жол жұмысы аяқталуға жақын

416

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Бекарыстан би – Шөмішкөл елді мекені аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолдың қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Жолға жауапты мердігер мекеме – “Қазалы Жолшы” ЖШС. Бүгінгі күні 6,2 шақырымның бірінші қабатына құм аралас мальта тас “гравий” төселді. Қазірде екінші қабаты төселіп, нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Ал, жалпы жолдың ұзындығы 9,2 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы осы аралыққа толық құм аралас мальта тас төсеу жоспарланған. Одан бөлек, жол бойына 2 өткізгіш құбыр орнатылды. Айта кеткен жөн, 2024 жылға толық аяқталады деп жоспарланған жұмыстар биыл толық аяқталып, пайдалануға берілуі мүмкін. Елді мекендер аралығында жүргізіліп жатқан жолдардың құрылысымен танысқан аудан басшысы жауапты мердігерлер мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рахметулла Ізтілеуге жол құрылысының сапасына аса мән беруді тапсырды.

Мұхтар Әуесұлы мұнан соң Бекарыстан би ауылының әкімшілік ғимаратымен танысты. Бүгінде мұнда ішкі жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек, алдына брусчатка төселетін болады. Аталған нысан жақын күндері пайдалануға берілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<