Көшпелі отырыс өтті

393

0

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектепте аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев жүргізіп, күн тәртібінде екі мәселені қарады. Біріншісі – осы жылдың 11 айында комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Талғат Сүлеев хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе №30 мектептің осы жылдың 11 айымен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстары туралы мектеп директоры Бауыржан Дүйсенбаев хабарлады.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы күн тәртібін қорытындылай келе тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аудандық білім, полиция бөлімі және кент, ауыл әкімдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<