Бірқатар нысандармен танысты

470

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Биыл Қазалы ауданында құрылыс қарқынды жүрді. Соның ішінде іргетасы жыл ортасында басталып, бүгінгі күні аяқталуға жақындаған үш ауылдағы дәрігерлік амбулатория құрылысы бар.

Бүгінде Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында салынған нысандардың құрылысы аяқталуға жақын. Ендігі қажетті жабдықтардың орналасуын күтіп тұр. Сәтін салса, бірер уақыттан соң ауыл халқы алысқа сабылмай-ақ, елді мекен ішінен керекті ем-домды алатын болады.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған үш ауылға арнайы барып, аталған ғимараттардың бүгінгі аяқалысымен танысып қайтты.

Аудан басшысы ең әуелі екі аралықты Сырдария өзені бөліп жатқан Абай ауылына ат басын бұрды.

Нысанды аралау барысында кейбір кемшіліктерді бақылған Мұхтар Әуесұлы жауапты мамандарға ескерту жасап, дереу қалпына келтіру қажеттігін ескертті.

Мұнан соң аудан басшысы көпшіліктің қуанышына себепші болатын Бозкөл және Кәукей ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға да барды.

Заманауи үлгіде тұрғызылған ғимараттың әрбір бөлмесін аралап көрген аудан әкімі мұндада кемшін тұстарды біржақты етіп, тез арада ел игілігіне беру керектігін айтты.

Мұхтар Әуесұлының ауылдарға іс-сапары барысында округ тұрғындары ерекше көңіл бөліп жатқан Мемлекет басшысына, одан соң облыс әкіміне шексіз алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетейік, бұл нысандарда емделушілерге қажетті құрылғылар жеткілікті. Оның үстіне алты жатын орны бар ғимаратқа алдағы уақытта тағы да арнайы құрылғылар алдырылып, жылумен емдеу, арнайы массаж кабинеттері де іске қосылады.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<