Еліміздің 8 облысында 46 жол учаскесі жабылды

371

0

Фото видеодан алынды

Ауа райына байланысты еліміздің 8 аймағында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazinform.

«26 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, шектеулі көрініс)», – деп мәлімдеді ҚазАвтоЖол компаниясынан.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 477 бірлік техника жұмыс істеуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<