Аудан әкімінің шыршасы өтті

493

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін Сырдария ауданы әкімінің балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға 200-ден аса оқушы қатысты.

Балалардың қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Берік Сәрменбаев бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Жаңа жыл – жаңа арманға жетелейтін, жаңа үміт сыйлайтын ерекше мереке. Осы мерекеде басқосуды бүкіл балалар жыл бойы асыға күтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты» деп атап өтті. Сондықтан Сіздер ұлтын сүйетін, Отанын қорғайтын, ата-ананы сыйлайтын, ұстаздарын қадірлейтін, достықты бағалайтын, білімді азаматқа лайық болуларыңыз керек. Шырша тойында өнер көрсетіп сыйлық алатын бүлдіршіндердің қуанышынан артық ештеңе жоқ. Балалардың бақытты өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан үнемі қамқорлық көрсетіліп, барлық жағдай жасалып келеді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Шыршаға келген балалар ойын ойнап, ән шырқады, театрландырылған қойылым тамашалады және естелік сыйлық алды.

Ауданда 11 мыңға жуық бала бар. Олар 17 мектеп пен 30 мектепте дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен оқушыларды сапалы біліммен қамту үшін облыста заманауи білім ошақтарының құрылысы жүргізілуде. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында аймақта 21 мектеп салу жоспарланса, оның 1-уі ауданда бой көтереді.

Облыс орталығында 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының іргетасы қаланды.

Балаларды қауіпсіз, жайлы көлікпен тасымалдау үшін облыста жаңа үлгідегі 30 автобус алынса, оның 2-уі ауданға берілді.

Білім саласына көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде сырдариялық оқушылар көптеген бәсекелерде топ жарып келеді. Биыл ауданда 177 оқушы түрлі бағыттағы республикалық және облыстық байқауларда жеңімпаз атанды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<