Қазақстанда күн тағы да суиды

461

0

Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер 28, 29, 30 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республикадағы ауа райына Атлант циклоны ықпал етеді. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды алып келеді. Оған қоса желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болады.

29-30 солтүстік және оңтүстік облыстарда екпіні 30 м/с және одан да көп болатын қатты жел соғады.

«30 желтоқсанда түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аяз болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аяз 3-13 градусқа дейін аздап төмендейді деп болжанған», – делінген хабарламада.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 2023 жылдың қарашасы Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең жылы қараша болғанын хабарлаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<