Өнер – біліммен өрістейді

369

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өнерді өрістету үшін талантпен қоса, үлкен білім керек. Жақында ғана облыстық филармония әртістері Еуропада кәсіби біліктілігін жетілдірді. Филармония әншісі Мақсат Мақұлбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өнер турасында бірнеше сұрақтарға жауап беріп, Еуропада жинақтаған тәжірибесін баяндап берді.

Биыл біздер үшін табысты жыл болды. Өнер адамдарына ең бірінші керегі – ізденіс. Осы орайда біз Италия мемлекетінде тағылымдамадан өттік. Бұл бізге берілген тамаша мүмкіндік десек болады. Осы жағдайды жасап, мүмкіндік қарастырған облыс әкіміне айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта өзім де сәті түсіп жатса, шет елде өтетін ән байқауларына қатысқым келеді, – деді Мақсат Нұрланұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<