Жыл үздіктері марапат биігінен көрінді

642

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен жыл қорытындысына байланысты салтанатты іс-шара өткізіліп, жыл үздіктері марапатталды.

Салтанатты іс-шарада аудан басшысы көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, биыл атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген жақсы сөз бар. Жаңа жыл – өткенді саралап, жаңа бағытқа бетбұрыс жасайтын мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында елді дамытудың бағыт-бағдарын айқындап, бүгінде нақты жұмыстар атқарылуда. Өтіп бара жатқан жыл Сыр елі үшін табысқа толы болды. Биыл облыстың 85 жылдық мерейтойы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Ең алдымен, Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келіп, аудандағы Н.Ілиясов ауылында еңбек адамдарымен кездесті. Аймақ басшысы Ел Президентіне өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, шешуді қажет ететін мәселелерді жеткізді. Облыс әкімі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығын І санаттағы
4 жолақты жолға ауыстыруды, облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтуды айтты. Жұмыс сапарында Мемлекет басшысы өзекті мәселелер бойынша тарихи шешімдер қабылдап, Сыр өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалады. Биыл 95 жылдық белесті бағындырған Сырдария ауданы жылды жарқын жетістіктермен қорытындылап отыр, – Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік іс-шарада ауданның дамуына үлес қосып жүрген сырдариялықтар облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, жыл үздіктері марапат тұғырынан көрінді.

Жыл басында ауданның бюджеті 9,7 млрд. теңге болып нақтыланса, бүгінде 12 млрд. теңгеден асты. 2023 жылдың қаңтар-қараша айында ауданның өнеркәсіп орындары 69 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2022 жылдың осы деңгейіне қарағанда 39,7 пайызға ұлғайды. Ағымдағы жылдың 11 айында аудан экономикасына 58 млрд. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40,6 пайызға артты. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6 млрд. теңгені құрап, 46,7 пайызға ұлғайды.

2023 жылы ауданда 36043 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде, 23811 гектарға егілген күріш дақылынан 142 390 тонна астық жиналды. Аймақ басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл жер көлемі 359 гектарға дейін артып, әлеуметтік маңызы бар көкөніс, бақша өнімдері егілді. Бұл бағытта жастар белсенділік танытып, 6 ауылда жастар бригадалары 60 гектарға бақша дақылдарын орналастырып, нәтижесін көрді.

Аймақ басшысы өңірде ең алдымен халыққа қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды атқаруды тапсырды. Осы ретте, биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлар толық жаңартылды. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар Шаған ауылында атқарылуда. Тереңөзек кенті, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған ауылында ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 5 елді мекенде су мұнаралары жаңарды.

Ауданды газдандыру жұмыстарына аймақ басшысы қолдау көрсетіп, Қалжан ахун ауылы табиғи газға қосылды. Биыл С.Сейфуллин және А.Тоқмағамбетов ауылдарын газдандыру жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы бюджет көздерінен 3,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық, аудандық маңызы бар және ауылішілік 79 шақырым жол жөнделді. Тұрғындарды баспанамен қамту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында халықтың осал топтарына аудан бойынша 82 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Н.Ілиясов ауылында жаңадан дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілсе, Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов, Қалжан ахун ауылдарындағы фельдшерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Халықтың тұрақты спортпен шұғылдануына ерекше көңіл бөлініп, облыстық бюджет есебінен аудан орталығындағы спорт клубы күрделі жөндеуден өтсе, Бесарық ауылында жаңа спорт кешені салынуда.

Бюджет қаражатынан тыс 250 млн. теңге тартылып, демеушілік есебінен «Сыр сұлуы» монументі, көпқабатты тұрғын үйлердің сырты жаңартылды, ойын алаңдары салынды, мектептер жолдары мен қоршаулары жөнделді және басқа да жұмыстар атқарылды.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<