Тұман, көктайғақ, екпінді жел – 5 қаңтарға жасалған күн райы болжамы

386

0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<