Жол бойындағы жаңа кешен

326

0

Фото: Қала әкімдігі

Қаңтар айынан бастап «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 1828 шақырымында орналасқан жаңа сервистік орталық жұмысын бастады.

Қазіргі заман талабына сай салынған «Орынбеков » ЖК нысанында жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Мұнда 8 нөмірлі қонақжай, 100-ге жуық адамға арналған тамақтану орны, дүкен, дәретхана, көлік тұрағы және газ құю орны қарастырылған.

Кәсіпкер қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы бизнесін дамытуды, яғни мемлекеттік бағдарламалардың көмегіне жүгініп, сервистік орталық жанынан жанармай құю бекетін салуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, алдағы уақытта бұл нысанда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<