Бақытбек Алпысбаев – Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері

4195

0

Фото: облыстық мәдениет басқармасы

Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның қатысуымен өткен жиында Бақытбек Алпысбаев ҚР Президентінің Мемлекеттік стипендиясына ие болды.

Бүгін өнер иесін әуежайдан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова және сала қызметкерлері арнайы күтіп алып, жетістігімен құттықтады.

«Бұл берілген мемлекеттік стипендия өнер адамына жасалған лайықты құрмет деп білемін. Қазақ өнерін дамыту жолындағы еңбегіңіздің елене беруіне тілектеспін», – деді басқарма басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<