Ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетілді

407

0

Фото: Қармақшы ауданы

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек батыр ана, ғасыр өмір сүрген ардагер Райхан Оспанованы 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының атынан Қызылорда облысының құрмет грамотасын табыстады.

Батыр ана жас кезінен механикалық зауытта еңбек етіп, аудан экономикасын нығайтуға үлес қосқан. Жолдасы Әбдіхалық майдангер де теміржол саласында қызмет жасап, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ғасыр жасаған ардақты ана бүгінде 8 баладан 45 немере мен 35-тен астам шөбере, 6 шөпшегінің қызығын көріп отыр.

Қазақта «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Анасын ардақтаған ел азбайды да тозбайды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<