Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті ұсталды

451

0

Сурет: видео скрині

1 ақпанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағандыда 2024 жылғы 27 қаңтарда сағат 00:20 шамасында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті Нұрболат Дәкебаев ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан еді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерді қатаң айыптап, бұл оқиғаны жеке өзі қадағалайтынын айтты.

Жедел жәрдем жүргізушісі кейінірек оқиғаның мән-жайын айтып берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<