Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

455

0

Фото: Қызылорда Қаласының Әкімдігі

Бүгін қалалық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған қала әкімі Серік Қожаниязов қатысты.

Кеңес отырысында «Бүгінде мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етіп, ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізіп, ашықтықты қамтамасыз етеуге атсалысып келесіздер. Сондықтан Сіздердің сүйікті шаһарымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне үлес қосатындарыңызға сенімдімін, әрі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді Серік Салауатұлы.

Күн тәртібіне өзекті тақырыптар енгізіліп, ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Жалпы, өткен жылы қалалық қоғамдық кеңестің 10 отырысы өткізіліп, мәселелердің шешілуіне ықпал жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<