Қазақстанда 8, 9 және 10 ақпан күндері ауа райы қандай болады

318

0

Сурет: Zakon.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8, 9 және 10 ақпан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар таратқан хабарламада Қазақстанда атмосфералық фронттар қолайсыз ауа райы қалыптасуына әсер ететіні айтылған.

«Таяу күндері Қазақстан кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалын сезеді. Күн бұлтты және желді болады, еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28м/с, кей уақытта 30м/с-қа жетеді», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарламасында.

Болжам бойынша жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Солтүстік облыстарда қалың қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Сонымен қатар циклон қысқа мерзімді жылу әкеледі, ол аяздың күрт өсуімен ауысады.

«Елдің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға таман ауа температурасы түнде 12-20 аязға дейін төмендейді, республиканың қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер болмайды», – дейді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қазнетте Қазақстанға жақындап келе жатқан «тропикалық дауыл» туралы бейнеролик белсенді тарап жатыр. Қазақстандық синоптиктер бұл видеоға қатысты пікір білдіріп, «видеода бірқатар дәлсіздіктер бар» деп сендірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<