Қазалылық тұрғындар ерекше көңіл күйге бөленді

306

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалы қалалық Мәдениет үйінде Қазалы вокалды-аспапты ансамблі ұжымының концерті өтті.

Концерттік бағдарламаны аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, ансамбл ұжымына шынайы ризшалығын жеткізді. Сондай-ақ өнер ұжымын «Алғыс хатпен» марапаттады.

Ескі әуендерді бүгінгі күнге лайықты етіп нақышына келтіре орындап, халық мұрасын кеңінен насихаттап жүрген өнер ұжымының құрылғанына биыл 31 жыл толып отыр.

Бұл уақыт аралығында Әділхан Ыбраймов жетекшілік ететін «Қазалы тобының» бағындарған белестер аз емес. Бүгінгі күнге дейін облыстық «Жас қанат» байқауынан бас жүлдені иеленіп, республикалық «Жас Қанат» байқауына да жолдама алды.

Мұнан бөлек Қазалы қаласында 15 жыл бойы қатарынан аудандық және облыстық деңгейде өткізілген «Ретро» фестивалдерге қалмай қатысып, өз өнерлерін көрсетіп халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Мәдениет үйіне жиналған көрермендер ансамблдің орындауында «Өкінбе сен», «Розывые розы», «Туған жер», «Белые розы», «Трава у дома» сынды ретро әндерін тыңдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<