Талдау жұмыстары тиімділігін көрсетті

307

0

Еңбек және әлеуметтік корғау комитетінің облыс бойынша департамент мамандары медициналық-әлеуметтік жұмыстар жүргізіп, сараптап отырады. Айталық, өткен жылы мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 33077 мүгедектігі бар облыс тұрғыны тіркелген. Оның ішінде еңбекке жарамды жастағысы –19157, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала – 6412, зейнет жасындағылар – 7511.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мамандары   былтыр 11718 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті.  Алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмендеген. Жыл қорытындысы бойынша 2757 адамға алғаш рет мүгедектік тағайындалған. (2022 жылы 2700 адам, 2021 жылы  2221 адам).

18 жасқа дейінгі балалар арасында алғашқы мүгедектік 967 балаға тағайындалды, алдыңғы жылы 945 болған, яғни есепті кезеңде 22 балаға көбейген.

Облыс бойынша былтыр 7680, оның ішінде ересектер арасында 5117, балалар арасында 2563 мүгедектігі бар адам қайта куәландырудан өткен. Олардың арасынан 629 адам толық оңалған.  Қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 293-і жартылай оңалған, 514 жағдайда мүгедектік тобы ауырлатылған.

Кейінгі уақытта мүгедектік топты ауырлату көрсеткішінің ересектер арасында басым бөлігін қан айналым жүйесі, көз аурулары және қатерлі ісіктер, ал балалар арасында психикалық және мінез-құлықтың бұзылуы аурулары құрайды.  Жүргізілген талдау бойынша былтыр ересектер арасынан 130 адамның қан айналымы жүйесі аурулары, 109 адамның көз аурулары, 78 адамның қатерлі ісік аурулары салдарынан мүгедектігі ауырлатылған.

Психикалық бұзылулармен 45, жүйке жүйесі аурулары салдарынан 8 балаға мүгедектік топтары ауырлатылған.

Мүгедектіктің алдын алу, топты ауырлату мәселелері бойынша департамент мамандары жергілікті атқару органдарымен бірлесіп, жыл сайын іс-шаралар атқарып келеді.

Атап айтқанда, өткен жылы облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және облыстық мүгедектігі бар адамдар қоғамымен бірлесіп, өңірлік ведомствоаралық жоспар бекітілді. Сол бойынша  алғашқы мүгедектікке шығу тоқсан сайын талданды. Алдын алу жұмыстарының тиімділігі сарапталып, мүгедектік белгілеуде алдыңғы орындарда тұрған ауру түрлері бойынша мониторинг жүргізілді. Медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіліп, бұқаралық ақпарат  құралдарында, телеарналар, әлеуметтік желілерде түсіндірілді.

Тілеукүл МЫРЗАХМЕТОВА,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша

департаменті басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<