Сыр жастары есірткіге қарсы іс-шаралар ұйымдастырды

270

0

Фото автордан

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамаларын қолдай отырып, облыс оқушылары мен студенттері салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған есірткіге қарсы іс-шаралар өткізді.

Облыстың оқу орындары «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранын ұстана отырып митинг, акция, кездесу, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, олардың барысында: есірткіге қарсы профилактикада ерекшеленгендерді алғыс хаттармен марапаттап, есірткіге қарсы би, театр қойылымдар бағдарламалары мен әндер орындап, полиграфиялық өнімдерді таратып, әлеуметтік роликтерді көрсетіп , тағыда басқа іс-шараларды іске асырды.

Ұйымдастырылған іс-шараларға 2000-нан астам көрермен, ұйымдастырушылар мен қатысушылар қатысты. Есірткіге қарсы үздік бағдарламаларды Арал ауданының №262 мектеп-гимназиясының, Жаңақорған және Шиелі аудандарының №№51,49 орта мектептерінің оқушылары дайындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<