Қазалы ауданында «Құқықтық тәртіп» жалғасуда

348

0

Фото: polisia.kz

Қазалы ауданында ағымдағы жылдың 15-17 наурыз аралығында аудан көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлады polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау.

Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Іс-шара барысында жалпы 140 құқықбұзушылық орын алды. Соның ішінде ҚР ӘКБтК 440-бабымен 10 масаң күйде қоғамдық орында жүру, 4 ұсақ бұзақылықтар, 11 жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орыннан өту, құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<