Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

703

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қалалық ардагерлер кеңесінің пленумы өтіп, онда өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебі айтылды. Пленум мүшелері кеңес жұмысына оң бағаларын беріп, қорытындысымен қаулы бекітілді.

Бұған дейін төраға қызметін атқарып келген Сұлтанбек Тәуіпбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты кеңес төрағасы міндетінен босатылды. Оның орнына қоғам қайраткері Шакизат Төребаевтың кандидатурасы ұсынылып, пленум мүшелері бірауыздан қолдады.

Пленум отырысына қатысқан қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ұйымның жаңадан сайланған төрағасы Шакизат Хамитұлына сәттілік тілеп, Сұлтанбек Тәуіпбаевтың осы кезге дейін атқарған қызметіне ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<