Қызылордада көпқабатты үйден жылан шықты (видео)

1541

0

Фото: Төтенше жағдай департаменті

Қызылордада пәтерден жылан шықты. Бүгін түсте «112 – құтқару қызметіне» Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата көшесіндегі тұрғын үйдің пәтерінде жылан жүргені туралы хабарлама түскен.

Оған сәйкес құтқарушылар арнайы құралдармен пәтердің кіре беріс бөлмесіндегі жиһаздың ішінен ұзындығы 1 метрдей болатын су жыланды шығарып, арнайы банкаға салды. Пәтер тұрғыны Салтанат Оразалиева құтқарушыларға алғысын білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» РММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<