Жаңаөзен қаласын су басу қаупі бар – фейк

445

0

Сурет: ҚР ТЖМ

Әлеуметтік желіде Жаңаөзеннің су тасқынына дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарауда. Өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығы бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев бұл ақпараттың фейк екенін нақтылады.

«Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары, Жаңаөзен қаласын су басу қаупі бар және оған құзырлы органдар дайындық жүргізуде деп әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған болып табылады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі жоқ. Әлеуметтік желдегі тек ресми мемлекеттік мекемелер ұсынған ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз».

Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тілекберген Селбаев көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

«Құрметті азаматтар, бұл ақпарат (су тасқыны туралы) – жалған. Өздеріңізден жалған ақпаратты таратпауды әрі сенімді дерек көздерге сүйенулеріңізді сұраймын», – деді ол.

Сондай-а ол жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<