Мамыр айында Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамыр айында қазақстандықтар атап өтеді:
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Жеңіс күні – 9 мамыр.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сәрсенбіге сәйкес келеді. Мерекеге орай бұл күні барлық қазақстандықтар демалады.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2024/04/merekee.webp)
Отан қорғаушылар күні сейсенбіге, ал Жеңіс күні бейсенбіге тура келіп тұр. Сәйкесінше бұл күндері де демалыс күндері ретінде саналады.
Нәтижесінде, барлық демалыс күндерін ескере отырып, қазақстандықтар мамыр айында демалады:
- бес күндік жұмыс аптасында – 11 күн (1, 4, 5, 7, 9, 11, 12, 18, 19, 25, 26 мамыр);
- алты күндік жұмыс аптасында – 7 күн (1, 5, 7, 9, 12, 19 және 26 мамыр).
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<