Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

114

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев кезекті жеке қабылдауын өткізді. Онда аудан басшысы тұрғындардың өтініштері мен сауалдарын тыңдады.

Қабылдауға келгендердің дені баспанамен қамту, жұмысқа орналасу және адвокаттарға қызметтік ғимарат қажеттігі бойынша жүгінді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды. Алдымен тұрақты жұмыс сұрап келген тұрғындардың өтінішіне сай жауапты сала басшыларына мамандығына сәйкес заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді.

Қабылдауға келген тұрғындардың өтінішіне сәйкес тиісті кеңестер берілді.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<